Шекараны түрікмен әйелдерінің кесіп өткені жалған

851

ҚР ҰҚК  "бұл ақпарат шындыққа жанаспайды" деп отыр. 

Шекараны түрікмен әйелдерінің кесіп өткені жалған

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанда қалып қойған 35 түрікмен әйелінің шекараны кесіп өткені жөніндегі ақпаратты теріске шығарды. Бұған дейін "Centralasia.media"  және "turkmen.news" порталдары 22 қыркүйек күні түнде 35 түрікмен әйелінің шекарадан өткені, ал ер адамдарды өткізбей алып қалғаны жөнінде жазған болатын. Онда бұл жаңалықтың Қазақстанда карантин салдарына қалып қойған Түрікменстан елінің басқа да азматтарына үміт сыйлағаны, жақын арада олардың жаппай елден шығарылуы мүмкін екендігі жазылады.

Алайда ҚР ҰҚК  "бұл ақпарат шындыққа жанаспайды" деп отыр. Ресми мәлімдемеде "Ақтау қаласындағы Түрікменстан консулдығының ресми өтінішіне сәйкес 22 қыркүйекте "Темір баба" өткізу пунктінде сағат 10.05-тен 12.00-ге дейін Түрікменстанның 42 азаматы елден шығарылды. Олардың ішінде 12 ер адам, 28 әйел және 2 бала бар", – делінген. 

Белгілі болғандай, наурыз айынан бері пандемияның жариялануына байланысты Түркіменстан мемлекеті адамдар мен көліктерді шекарадан өткізуге біржақты тәртіппен тиым салған. Ал Қазақстан жағынан өткізу пункті жабылмаған. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу