Шекарашылар 820 млн теңгеден астам экономикалық залалдың алдын алды

867

Браконьерлік торлардан 420-дан астам бекіре тұқымдас балық, 11 040-тан астам ұсақ балық және 21 итбалық шығарылды. 

Шекарашылар 820 млн теңгеден астам экономикалық залалдың алдын алды

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметінің хабарлауынша 2021 жылғы 1 сәуірден бастап ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау және Атырау облыстары бойынша департаменттері Каспий теңізі акваториясында жүзудің қолайлы режимін қолдау, браконьерліктің жолын кесу және су биологиялық ресурстарын қорғау бойынша бірлескен жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізуде.

Шекарашылар мемлекеттік шекара режимін бұзған 56 адамды, аумақтық және ішкі су режимін бұзған 85 адамды, су ығыстыруы әртүрлі жүзу құралдарының 43 бірлігін, 220 мың метрден астам  желілер ұстады.

820 млн теңгеден астам сомаға экономикалық залалдың алдын алды, құқық бұзушыларға 3,5 млнтеңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу