17 тамыз күні 2032 әскери бөліміндегі Жаңа Жол өткізу бекетінде Ресейден Қазақстанға өту шекаралық бақылауы кезінде Қазақстан азаматының жағдайы нашарлаған, деп хабарлайды шекара қызметінің баспасөз қызметі.
Қазақстандық азамат есінен танып қалған. Онда қояншық ауруының белгілері байқалған. Шекара қызметі қызметкерлерінің шұғыл әрекет етуі нәтижесінде жедел жәрдем келгенше, азаматқа алғашқы көмек көрсетілген. Осының нәтижесінде азамат аман қалған.
Шекарашылар осыған дейін де қаншама адамның өмірін сақтап қалған. Бұл ретте басқа адамдарға қатысты шекара бақылауы тоқтатылмаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу