Шекарашылар қос азаматтығы бар 250-ден астам қазақстандықты анықтады

Қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 227 Қазақстан және шетел азаматы ұсталды.

Шекарашылар қос азаматтығы бар 250-ден астам қазақстандықты анықтады Фото: gov.kz

Жыл басынан бері шекарашылар қос азаматтығы бар 250-ден астам Қазақстан азаматын анықтады. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі Шекара бақылау басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ғани Ағаділов арнайы брифингте мәлім етті. 

"Төлқұжаттарды тексеру барысында шет мемлекеттердің азаматтығы бар 254 Қазақстан Республикасының азаматы анықталды. Аталған тұлғалар ҚР азаматтығынан айырылу фактісін тіркеу және әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін ішкі істер органдарына жіберілді", – деді Ағаділов брифингте.

Сондай-ақ, кіру-шығу арнасында бөтеннің құжатын немесе жалған Қазақстанның визасын ұсынған 150-ден астам адам ұсталды. Олардың барлығы депортацияланып, елге кіруге тыйым салынды. Қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 227 Қазақстан азаматы мен шетелдік ұсталды, деп хабарлады Шекара қызметінің өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу