Шекарашылар Ресейге контрабандалық жолмен жанармай тасымалдамақ болғандардың жолын кесті

Батыс Қазақстан облысында Ресей Федерациясымен шекаралас "Жайық" теміржол бекеті арқылы жанар-жағармайдың заңсыз экспорты тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шекарашылар Ресейге контрабандалық жолмен жанармай тасымалдамақ болғандардың жолын кесті Фото: sputnik.kz

"2022 жылғы 8-11 қазан аралығында Батыс Қазақстан облысындағы "Жайық" теміржол бекетінде ҰҚК шекара қызметі Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің жолын кесті. 20 теміржол цистернасындағы жанармайды битумды лактарға арналған еріткіш ретінде тасымалдау әрекеті тоқтатылды”, – деп жазылған хабарламада.

Жүк процессуалдық шешім шығару үшін Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырылды. 

"Шекара қызметі Қазақстанда жанармай, дизельдік отын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін экспорттауға уақытша шектеулер енгізілгенін еске салады", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу