Шекарасыз сауда-саттық

802

Шекарасыз сауда-саттық

"Қорғастың " қазақстандағы бөлігі жұмыс уақытын түнгі 12-ге дейін ұзартуы мүмкін. Бұл жайлы халықаралық орталықтың директоры Қахарман Жазин мәлімдеді. Қазіргі уақытта кеден қызметі қазақстандықтар үшін таңғы 7-ден кешкі 7-ге дейін ашық. Ал жұмыс тәртібінің өзгеруіне келушілер нөпірінің артуы себеп. Қытайлық туристердң көптігінен, көршілес кеденшілер түн ортасына дейін жұмыс істейді екен. Соңғы 4 айда "Қорғасқа" 700 мың қытайлық келіп-кеткен. Ал 1 жылдың ішінде тіркелген туристер саны 5 млн-нан асыпты. Сондқтан халықаралық орталық пен  сыртқы істер министрлігі паспорт-визалық қызмет ашу үшін бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Мұнымен қоса, Үрімшіден Алтынкөл станциясы арқылы Астанаға жүретін поезд шығару жоспарланып отыр.

Қахарман Жазин, "Қорғас" ШЫХО президенті

Сауда деген жақсы, бірақ шынын айту керек. Күллі кеден одағы жабылып, өз өнімдерін қойса да, біз сауда сөрелерін Қытай сияқты толтыра алмаймыз. Олар бүкіл әлемді киіндіріп жатыр. Сондықтан біз сауда үйлерін ғана емес, қонақүйлер мен көңіл көтеру, қызмет саласын да дамытуға тырысып жатырмыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу