"Наурыз айынан бастап электронды еңбек биржасы жаңа форматта жұмыс істеп жатыр. Порталдың навигациясы жетілдірілді, бос жұмыс орындары мен түйіндемелерді іздеу мүмкіндігі кеңейтілді. Электронды еңбек биржасы азаматтарға тегін қызмет көрсетеді. Бірінші шілдеден бері Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде "Шекарасыз жұмыс" біріздендірілген іздеу жүйесі іске қосылды. Ол Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеушілер туралы ақпаратты қолжетімді қылады", – деді Дәулет Арғындықов.
Қанат Махамбет
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу