Димаш Құдайбергенге арналған кітап жазылды

181

Іс-шара IX ASTANA Eurasian Book Fair халықаралық кітап жәрмеңкесі аясында өтті. 

Димаш Құдайбергенге арналған кітап жазылды Фото: dimashnews.com

2026 жылғы 22 сәуірде Астана қаласында, Қазақстан Республикасы Президенттік орталығында Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергенге арналған "DIMASH ҚҰДАЙБЕРГЕН: ШЕКСІЗ МУЗЫКА" атты бірегей кітап-альбомның таныстырылымы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әртістің командасының атынан Димаш Құдайбергеннің баспасөз хатшысы, DimashNews бас редакторы Анель Нысанбаева қатысты. Таныстырылымның құрметті қонақтары ретінде әртістің жанкүйерлері – Dears.

Таныстырылымның шығармашылық бөлімінде Астана қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы №87 мектеп-гимназиясында 2025 жылғы қаңтар айында Димаштың құрметіне салтанатты түрле арнайы ашылған кабинетте жас өнерпаздар өнер көрсетті. Бориш Мырзатай, Боранбаев Бақытжан, Уәли Нұралы Димаштың репертуарындағы "Тау ішінде" әнін орындап берді.

"London Golden Time Talent" халықаралық байқауының І дәрежелі лауреаты, "Арт-парад в Витебске" халықаралық фестивалінің І дәрежелі лауреаты Әлихан Нұрлыбек Димаштың авторлық "Ұмытылмас күн" композициясын орындады.

"Алматыкітап баспасы" баспасы мен "DimashAli" продюсерлік орталығы бірлесіп ұсынған кітап-альбом – әлемдік деңгейдегі өнер иесінің шығармашылығына арналған ерекше басылым. Өз өнерімен миллиондаған тыңдарманның жүрегін баураған әртістің шығармашылық жолы бұл еңбекте жан-жақты қамтылған.

Басылымның басты ерекшелігі – оның ауқымы мен мазмұндық тереңдігінде. 289 беттен тұратын ірі форматтағы бұл кітап оқырманға Димаштың шығармашылық әлеміне тереңірек үңілуге мүмкіндік береді. Кітаптың әрбір парағында әнгінің сирек фотосуреттері, жарқын сәттері, толғаныстары мен шынайы естеліктері қамтылған.

Кітап қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көріп, қысқа мерзім ішінде кең оқырман аудиториясының қызығушылығына ие болды.

Басылымның жарық көргеніне небәрі екі ай уақыт өтсе де, бұл кітарқа деген қызығушылық әлем бойынша қарқынды түрде артып келеді. Әсіресе Қытай, Мексика, АҚШ және Испания елдеріндегі жанкүйерлер тарапынан сұраныс жоғары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу