Шектен тыс бақылау мен қадағалау шағын және орта бизнесті дамытпауда

780

Шектен тыс бақылау мен қадағалау шағын және орта бизнесті дамытпауда

Статистикаға сәйкес, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, елімізде ШОБ-тің 1 158 680 субъектісі кәсіпкерлік қызметпен айналысады, онда 3 млн-нан астам адам жұмыспен қамтылған. Олар 4 трлн теңгеден астам сомаға өнім шығарған. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ШОБ субъектілерінің 6,3%-ға артқаны байқалады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Мәлім болғандай, ШОБ-ті (шағын және орта бизнес) дамытудың басты кедергілерінің бірі – шектен тыс әкімшіліктендіру. Бүгінде үкімет мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын қысқарту жұмыстарын қолға алды.

Тексеріс қорытындысы бойынша, бақылау мен қадағалаудың бірқатар салаларын қысқарту, бизнесті тексеру бойынша талаптардың жартысына жуығын шектеу туралы ұсыныс білдірілді. Бұл ретте, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында талаптардың шамамен 85%-ы, өрт қауіпсіздігі саласында талаптардың 72%-ы қысқартылған. Сондай-ақ, қайталанатын және мемлекет пен тұтынушы қауіпсіздігіне қауіп төндірмейтін, мемлекеттік органдардың 540 бақылау және қадағалау функцияларының 165-ін олардың штат санын қайта қарау мен оңтайландыру арқылы шектеу ұсынылған.  

Уәкілетті органдардың Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 30 бабы бойынша әкімшілік іс қозғауға құзыреттілігі мен баптары алынып тасталады, алдын ала бақылау институты іске қосылған. Жалпы алғанда, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды реформалау бойынша қабылданып жатқан шаралар 2018 жылға қарай тексерістер санын 30%-ға қысқартуға мүмкіндік береді.

Айта кеткен жөн, монополист кәсіпорындар, квазимемлекеттік кәсіпорындар беретін рұқсат құжаттарына да ауқымды тексеріс жұмыстары жүргізілген.

Қазіргі таңда, осындай кәсіпорындар беретін рұқсат құжаттарының тізімі бар, ол 69 рұқсат құжатынан тұрады. Аталған тізім жеткілікті әрі "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" заңның қосымшасы ретінде бекітіледі.

2016 жылдың мамырында "Өзін-өзі реттеу туралы" заң қолданысқа енгізілген. Заңға сәйкес актілер қабылданып, салаларда "өзін-өзі реттеу" институтын енгізу үшін барлық жағдайлар жасалған. Өзін-өзі реттеу ұйымдарын құру шарттары заңнамалық негізде реттелген. Аталған ұйымдардың қызметі шығарылатын тауарлар мен ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыруға, сондай-ақ, өндірушілердің тұтынушылар алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу