Шектеу шаралары кезінде 170 мың адам жұмыссыз ретінде тіркелген

946

Әлеуметтік төлем алуға 4 мың адам өтініш берген. 

Шектеу шаралары кезінде 170 мың адам жұмыссыз ретінде тіркелген

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасов айтты. 

"Еліміздегі шектеу шаралары кезінде жұмыссыздар қатары 120 мың адамнан 170 мың адамға өсті. Оларға төленетін әлеуметтік төлемдер көбейді. Мұны бір реттік 42500 теңге төлеммен шатастырмау керек. Ол табысынан айырылған адамдарға 6 айға дейін берілетін жалақысының 40%-ы шамасындағы төлем. Қазіргі кезде оны алуға 4 мың адамнан өтініш түсті", – деген вице-министр жұмыс берушілерді барынша қызметкерлерін қысқартпауға шақырды. 

"Мұндай жағдайда қашықтықтан жұмыс істеуге көшіруге болады. Тіпті болмаса жарты жұмыс күніне ауыстыру керек. Жалақы еңбек еткен сағатына қарай төленеді. Ал жұмыс ыңғайы оған келмесе қызметкерлерді жалақысы сақталмайтын еңбек демалысына жібереді", – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасов 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу