Шемонаиха қаласында құтқарушыларға 3-шағынауданында ит құдыққа түсіп кеткені туралы хабарлама түсті, деп жазады inbusiness.kz.
Бұл оқиғаны көрген қала тұрғыны бірден "112" қызметіне қоңырау шалды. Оқиға орнына келген 28-ӨСБ қызметкерлері ит түсіп кеткен құдыққа түсті. Иттің бөтенсіп, қауып алғысы келіп қарсылық көрсеткеніне қарамастан, ТЖ қызметінің мамандары құтқару операциясын сәтті жүргізіп, жануарды құдықтан абайлап шығарып алды.
Итті құтқарған 28-ӨСБ бөлімшесінің командирі Александр Петелин, оның қауып алмауы үшін қаракет жасағанын атап өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу