Шемонаиха қаласындағы Новосельская көшесінде тұратын әйел адам көрші үйден шыққан түтінді байқап қалып дереу өрт сөндірушілерді шакырған. Оқиға орнына келген 28-ӨСБ жігіттері қою қара түтінді көрді. Тыныс алуға жарамсыз ортада жұмыс істеуге арналған арнайы аппараты бар құрылған газ түтіннен қорғау қызметі буыны қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, үйдің ішінен арнайы қалпақтарды кигізіп үш адамды құтқарды. 28-ӨСБ қызметкерлері Талғат Хакимов, Орынғали Дүйсенғалиев, Медғат Амиров, Бекжан Сапиолданов, Архат Пайзолдин 1946 жылы туған ер адамды, 1954 жылы туған әйел мен 45 жасар әйелді терезе арқылы таза ауаға шығарды.
Түтінге себеп пеш үстінде ұмытып қалдырған тамақ болған.
ШҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды:
- ас үйде пісіп жатқан тамақты қараусыз қалдырмаңыздар;
- пеш жанында орамал, қағаз және басқа да тез тұтанатын заттарды ұстамаңыздар;
- электр кабельдерін пештен алыс орнатыңыздар.
- Сіздің қырағылығыңыз өз қауіпсіздігіңіз екенін есте сақтаңыздар.
- Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлаңыздар, делінген хабарламада.