Шемонаиха қаласының әкімі өзін "патша" деп атаған әйелді сотқа берді

354

Әйел әлеуметтік желіде әкімге қатысты осындай пікір білдірген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шемонаиха қаласының әкімі өзін "патша" деп атаған әйелді сотқа берді Фото: na-dache.pro

Шемонаиха әкімі Егор Драчев әйелдің үстінен сотқа арызданған. Онда әкімнің аталмыш пікір туралы 2024 жылдың 2 наурызында білгені айтылған.

"Әкім Драчев қайда? Қазір оның 50 миллион тұратын көліктері бар. Бұл мәселелер оған жат, бұрын әкім еді. Қазір патша", – деп жазған әйел желідегі пікірінде.

Әкім бұл нәрсе оның абыройы мен намысына нұқсан келтіреді деп есептейді.

"Соттан жоғарыда аталған ақпараттың шындыққа жанаспайды және менің ар-намысыма нұқсан келтіреді деп тануын сұраймын", – делінген арызда.

Шемонаиха ауданының әкімдігі сотқа шағым берілгенін растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу