Шенеунік пен кәсіпкерді кездестіру үшін пара алған тараз тұрғыны ұсталды

372

Ол 200 000 АҚШ доллары көлемінде қаржы иемденген.

Шенеунік пен кәсіпкерді кездестіру үшін пара алған тараз тұрғыны ұсталды Фото: google.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бизнесті қорғау аясында Тараз қаласының тұрғынын алаяқтық және пара беруге итермелеу күдігі бойынша ұстады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Ол мемлекеттік органмен мәселені шешу сылтауымен шетелдік компанияның өкілін жаңылыстырып, жоғары лауазымды тұлғалармен кездесуді ұйымдастыруға көмектескені үшін 200 000 АҚШ доллары көлемінде қаражат иемденген.

Сонымен қатар, күдікті келісімшартқа қол қойылған жағдайда келісім сомасының үш пайызы мөлшерінде ақша талап еткен.

Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтық жасады деген күдікпен Алматы қаласының тұрғынын ұстады. Ол Қорғаныс министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымына жұмысқа орналасу мәселесін шешуді сылтауратып, іс жүзінде ниеті жоқ бола тұра 100 000 АҚШ долларын талап еткен.

Ақшаны алғаннан кейін аталған күдіктілер ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. 

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу