Зейнетақы жинағынан тұрғын үй нарығына 1 трлн 200 млрд теңге салынды. Бұл үйдің қымбаттауына әсерін тигізді. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Оның айтуынша, нарықта жаңадан салынған үйлер 5%-ға қымбаттаған, алайда бүгінде баға төмендеген.
"Тұрғын үй нарығына зейнетақы жинағынан 1 трлн 200 млрд теңге салынып, үйлер қымбаттады. Алайда қазір тұрғын үйдің бағасы 0,8%-ға төмендеді", - деді бірінші орынбасар ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Рустам Ахметов үй бағасының өсуіне жол бермес үшін тиісті жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
"Бағаны ұстап тұру үшін құрылыс компанияларына 11 ескерту жасап, олармен келіссөз жүргіздік. Қазір нарықтағы баға тұрақталғанын байқап отырмыз", - деп түйіндеді сөзін басшы.
Дәурен Ерболат