Шенеунік жұмысқа келмесе де 10 жыл бойы жалақы алып келген

802

Шенеунік жұмысқа келмесе де 10 жыл бойы жалақы алып келген

Испанияның Валенсия заңнамалық жиналысы провинцияның мұрағат ісімен айналысатын қызметкерді жұмыстан шығарды. Ол 10 жыл бойы жұмысқа келмесе де жалақы алып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Мұрағат қызметкері Карлес Ресио 2006 жылдан бері жыл сайын 50 мың еуро жалақы алған. Ол жұмысқа сағат 7.00-де келіп, келгендігін электрондық жүйемен растап болғасын, жарты сағаттан соң ғимараттан кетіп, сағат 16.00-ден келіп жұмыс уақытының аяқталғандығы туралы белгіден өткен. Сөйтіп ол 10 жылын өткізген. Оның айтуына қарағанда, ол осы жылдар ішінде үнемі "қара жұмыстар" жасаған. Карлес жұмыстан "бос" уақытында сурет салумен айналысқан. Қазіргі уақытта депутаттар Карлес Ресионың тікелей басшысы мұрағат директоры Марии Хосе Гильды қандай жауапкершілікке тарту мәселесін қарап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу