Шенеуніктер әлеуметтік мекемелердің қамқорлығындағы адамдарды саудалады деген күдікке ілінді

733

Мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғалары адам саудасына қатысты күдікке ілінген, деп жазады inbusiness.kz. 

Шенеуніктер әлеуметтік мекемелердің қамқорлығындағы адамдарды саудалады деген күдікке ілінді

Қостанай облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ лауазымды адамдарына қатысты адам саудасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Олар облыстың әлеуметтік мекемелерінің бірінде мемлекеттің қамқорлығында болған әрекетке қабілетсіз азаматшаны Нұр–Сұлтан қаласындағы қарттарға арналған жеке пансионатқа тегін жұмыс күші ретінде пайдалану үшін табыстады деп күдіктелуде.

Күдіктілердің бірі соттың санкциясымен үй қамауына алынды. Күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, түпкілікті шешім тергеу нәтижелері бойынша қабылданатын болады.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу