Шенеуніктер көпірлердің құрылысын аяқтауға 22,5 млрд теңге сұрайды

782

 Ал еліміздің шығысындағы халық көпір салынады десе күдікпен қарайтын болды, деп хабарлайды Atameken Business.  

Шенеуніктер көпірлердің құрылысын аяқтауға 22,5 млрд теңге сұрайды

Өйткені бұған дейін құрылысы басталған көпірлердің жұмысы сағызша созылып, кейбірі орта жолда тоқтап қалуда. Әр өткелге бөлінген қаражат та аз емес. Қымбатшылықты сылтау еткен жауапты шенеуніктер болса, үкіметтен қосымша миллиардтар сұрап отыр.

Мәселен, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін іле-шала құрылысы басталған Бұқтырма су қоймасына салынуы тиіс көпірге әлі 20 млрд теңге қажет. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу