Шенеуніктер қымбат көлік сатып алуды тоқтатар емес

927

Шенеуніктер қымбат көлік сатып алуды тоқтатар емес

Депутаттар қаншама сын айтса да шенеуніктер мемлекет қаржысына қымбат көлік сатып алуын тоқтар емес. Бұл туралы еліміздің қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

Оның айтуынша мұндай жағдайлар Солтүстік пен Оңтүстік Қазақстан, Астана, Атырау мен Қостанай облыстарында тіркелген. Нақтырақ айтар болсақ, Атырау облысында Toyota Land Cruiser Prado 150 және Toyota RAV4 көліктері сатып алынған. "Астана автошаруашылығы" серіктестігі конкурстық жолмен 54,911 миллион теңгеге Mercedes Benz S500 көлігін сатып алған.

Айта кетейін, үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев былтыр барлық орталықтанған және жергілікті атқару органдары, сондай-ақ оларға қарасты ұйымдарға ескерту жасап, көлік сатып алуда отандық көлік өндіретін модельдердің сипаттамаларына сәйкес келетін құжаттық талаптар қарастыру тапсырылған болатын. Енді, бұл тапсырманы орындамаған лауазымды тұлғаларға жаза қолданылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу