"Шенеуніктер шын мәнінде екпе алған жоқ"

777

Қазақстандықтар Германияда Тиршенройт аудандық әкімшісіне екпе салу сәті түсірілген бейнежазбаны талқылауда. Кадрларда екпе жасау барысында иненің қақпағы алынбағаны көрініп тұр. Пайдаланушылардың пікірінше, бұл шенеуніктердің COVID-19 қарсы вакцина алдық деп адамдарды алдауының тікелей дәлелі. 

"Шенеуніктер шын мәнінде екпе алған жоқ"

Фейктерді әшкерелейтін сайт ақпараттың фейк екеніне көз жеткізуге тырысыпты.

"Шын мәнінде, қастандық теориясын жақтаушылар таратқан бейне Тиршенройт ауданында Вальдзассен вакцинация орталығында сынақ жүргізу туралы репортаждан алынған үзінді. Сюжет 18 желтоқсанда "Оберпфальц ТВ" телеарнасында көрсетілді. Бұл кезде Германияда вакцина әлі мақұлданбаған еді. Сәйкесінше, ешкімге вакцина егілген жоқ, бұл туралы репортаждың толық нұсқасында айтылады. Германияда вакцина сюжет теледидардан көрсетілгеннен кейін төрт күн өткен соң 2020 жылғы 22 желтоқсанда мақұлданды. Тиршенройт қаласы орналасқан Баварияда жаппай вакцинация ресми түрде 27 желтоқсанда басталды. Ал Тиршенройт ауданының әкімшісі Роланд Грильмайер вакцина алғаны туралы жалған ақпарат ұсынды және тұрғындарды қасақана алдады деген айыптарды жоққа шығаруда", – деп хабарлайды stopfake.kz.

Ақпарат көзінің жазуынша, кеңінен таралған видео Германияда жаппай вакцинацияға дайындық туралы репортаждың бір бөлігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу