Шенеуніктердің ақша және жылжымайтын мүлікке қатысты жүргізетін операциялары бақыланады

622

Мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жақын туыстарын Қаржылық мониторинг агенттігі қадағалайды. 

Шенеуніктердің ақша және жылжымайтын мүлікке қатысты жүргізетін операциялары бақыланады

Тиісті нормалар Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында мақұлданған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында қамтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мәжілісмен Сергей Симонов бұл заң жобасының Парламент депутаттарының бастамасымен қолға алынғанын жеткізді.

Құжат кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесін жақсарту, сондай-ақ ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының халықаралық стандарттарын іске асыру мақсатында әзірленді (ФАТФ).

Заңнамалық өзгерістер халықаралық ұйымдар мен БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің ықтимал экономикалық санкцияларын алдын алуға мүмкіндік береді. Заң жобасында бірқатар жаңашылдықтар бар.

 1. Қазақстан Республикасының жария лауазымды адамдар жүзеге асыратын ақшамен және өзге мүлікпен операциялар бойынша тиісті бақылауды заңнамалық деңгейде белгілеу болып отыр. Бұл норма қаржылық ашықтыққа қол жеткізуге және саяси маңызы бар лауазымды адамдардың сеніп тапсырылған өкілеттіктерін пайдалануына байланысты құқық бұзушылықтардың ықтимал жолын кесуге бағытталған; 

2. Цифрлық активтерді шығаруды, олардың сауда-саттығын ұйымдастыруды, сондай-ақ цифрлық активтерді ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке айырбастау бойынша қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын адамдарды қаржы мониторингі субъектілеріне жатқызу. 

3. Мекеменің заңды иесі туралы мәліметтердің ашықтығын (тікелей немесе жанама) белгілеу мақсатында Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің деректеріне қол жеткізуді ұсыну. 

Бұған қоса, ФАТФ ұсынымдарын толық имплементациялау мақсатында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және ҚР Ұлттық банкімен келісім бойынша қаржы мониторингінің белгілі бір субъектілерінің бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді ұсыну нысанын белгілеуді көздейтін қаржы мониторингі уәкілетті органының түзетулері ұсынылады. 

"Заң жобасын қабылдау мен іске асыру ұлттық қаржы жүйесінің қауіпсіздігін жақсартуға көмектеседі, теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды және мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді деп қорытындылады", – деп түйіндеді Сергей Симонов. 

Талқылаудан кейін палата депутаттары аталған құжатты мақұлдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу