Шенеуніктердің люкс көліктері жойылды

960

Шенеуніктердің люкс көліктері жойылды

Филиппинде көздің жауын алатын 20-дан астам жеңіл көлік жойылды. Олардың жалпы құны 1 миллион 200 мың долларға жетеді. Тіпті кейбірінің бағасы 100 мың доллардан асады. Бұл "темір тұлпарлардың" барлығы шенеуніктерге тиесілі.

Президент Родриго Дутерте люкс көліктерді бульдозермен аямай мыжып тастауға бұйрық берген. Себебі бұл қозғалыс құралдары елге заңсыз жолмен әкелініпті. Бұған дейін мұндай салтанатты, қымбат көліктер тәркіленіп, аукциондар арқылы сатылатын. Бірақ бұл шара оңды нәтиже бермеген. Сондай-ақ, Дутерте есірткі саудасына қатысы бар шенеуніктерді өлім жазасына кесуге уәде берді.

Рамон Лопес, Филиппиннің сауда министрі:

"Біріншіден біз заңсыз жолмен әкелінген көліктерді сата алмаймыз. Аукционға қойсақ, шенеуніктердің өздері қайта сатып алады. Сондықтан одан еш пайда жоқ".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу