Шенеуніктердің шикілігінен ет тиелген бірнеше жүк көлігі шекарада тұруға мәжбүр

714

 Орта жолда қалған отандық экспортёрлардың өнімдерін қабылдаушы тарап құжаттарындағы қателіктері үшін алмай жатыр. Ал тауарлар бұзылуға айналған.

Шенеуніктердің шикілігінен ет тиелген бірнеше жүк көлігі шекарада тұруға мәжбүр

Шенеуніктердің шикілігінен шекарада ет өнімі тиелген бірнеше жүк көлігі кептеліп тұр. Кәсіпкерлер болса шығындарын есептеуде, деп хабарлайды Atameken Business. 

Бар гәп етті экспорттауға қажетті анықтаманы беретін ветеринарлардың кесірінен көрінеді. Арызданушылар кедендік мекемелерде білікті мамандардың тапшылығына наразы.

Талдықорғандағы құс фабрикасының басшылығы тіпті ауыл шаруашылығы министрлігіне ветеринарларды қайта оқытудан өткізу керек деп ресми хат та жолдаған. Орта жолда қалған отандық экспортёрлардың өнімдерін қабылдаушы тарап құжаттарындағы қателіктері үшін алмай жатыр. Ал тауарлар бұзылуға айналған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу