Шенеуніктердің жұмыс компьютерлеріне пара алмау туралы ескерту орнатылды

1385

Енді қала әкімінен бастап қатардағы қызметкерге дейін күн сайын жұмыс компьютерін қосқанда "Пара алма! Пара берме!" деген жазу қарсы алады. 

Шенеуніктердің жұмыс компьютерлеріне пара алмау туралы ескерту орнатылды

Пара алма! Пара берме! Көкшетау қалалық әкімдігіндегі мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс күні дәл осы ұранмен басталады. Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті әкімшіліктегі шенеуніктердің компьютерлеріне 20 секундтық ескерту анимациясын орнатып берген, деп хабарлайды Atameken Business.

 

Енді қала әкімінен бастап қатардағы қызметкерге дейін күн сайын жұмыс компьютерін қосқанда дәл осы жазу қарсы алады. Бастаманы қолға алушылар бұл мемлекеттік қызметкерлерге жемқорлықтың жауапкершілігі жайында тағы бір мәрте еске салып, адал қызметкер болуды насихаттайтынына үмітті.

Аталмыш тәжірибе алдағы уақытта аймақтағы барлық мемлекеттік мекемелерге енгізілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу