Шенеуніктерге берілген сыйлықты сатып алуға рұқсат берілді

1546

Осыған дейін лауазымды қызмет атқаратын мемлекеттік қызметкерлерге кез келген сыйлықты қабылдауға заңмен тыйым салынған болатын. 

Шенеуніктерге берілген сыйлықты сатып алуға рұқсат берілді

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге берілген сыйлықты сатып алып, өздеріне қалдыруға рұқсат берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі сайтына сілтеме жасап.

Үкіметтің 2022 жылғы 11 сәуірдегі қаулысы шыққан. Ол бойынша 2002 жылғы 26 шілдедегі №833 "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселесі" бойынша өзгерістер енгізілген.

Бұл бөлімде мемлекеттік қызметшілерге бір рет берілген сыйлықтар кіреді. Енді оларды сатып алу-сату шарты бойынша сатып алуға болады, алайда басшылықтың мақұлдауы керек. Сыйлықтың құны "Қазақстандағы бағалау қызметі туралы" заңымен белгіленеді.

"Сыйлықты сатып алу уәкілетті орган мен сыйлықты тапсырған адам арасындағы сатып алу-сату шарты бойынша жасалады. Ол уәкілетті орган сыйлықты алған адамнан хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде жүзеге асырылады", – деп жазылған қаулыда.

Сыйлықты толық төлегеннен кейін және қабылдау-тапсыру актісі бойынша ғана алуға болады. 2022 жылғы 11 сәуірде қаулыға Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қол қойған. Ол күшіне енген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу