Кейбір шенеуніктерге қарапайымдылық, адами қарым-қатынас жетіспейді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатында осылай деді.
Президент әкімдермен өтетін кездесулерде мұны жиі ескерткенін де айтты. Бұл үшін халыққа ашық қызмет көрсетуге қажетті барлық коммуникациялық құралдарды пайдалана білген жөн. Сонымен бірге кері байланыс орнатудың пайдасы зор.
"Өкінішке қарай, халықпен төте байланыс барлық жерде бірдей емес, байланыс орталықтары еліміздегі 17 әкімдіктің тек төртеуінде, ал мобильді халықтық бақылау 7 өңірде ғана бар. Мұндай жағдайда атқарушы билік елдің мұң-мұқтажына дер кезінде жауап қата алмайды", – деді Тоқаев.