"Ұлым 20 жаста": Шенеуніктің балалары неге әскер қатарына алынбайды

867

Заң бәріне бірдей", деді Қорғаныс министрі.

"Ұлым 20 жаста": Шенеуніктің балалары неге әскер қатарына алынбайды Фото: Anadolu Agency

ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов шенеуніктердің балаларын әскерге баруын міндеттеу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ұлым жоғары оқу орнында оқып жатыр, 20 жасқа толды. Оқуын бітіргеннен кейін, оны міндетті түрде әскер қатарына жіберемін", деді Р. Жақсылықов.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары министрден жоғары лауазымдағы шенеуніктердің балаларын әскердегі қызметке шақыртуды міндеттеу мүмкіндігі туралы заңнама нормасын енгізу жайында сұрады.

"Ұлдарын әскерге жібергендер бұл жайында көпшілікке жарияламайды. Бұл тұрғыда патриоттар өз әрекетін баршаға мәлімдемейді. Осы тақырып бойынша бұрынғы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты үлгі ретінде келтіргім келеді. Ол кісі екі інісін алып келіп, әскер қатарына қосты. Бұрынғы сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммедтің ұлы мектеп бітіргеннен кейін мерзімді әскери қызметтегі борышын өтеп, қазір АҚШ әскери училищесінің курсанты атанды. Министрлер мен депутаттардың ұлдарын бөлектейтін мұндай талаптың мағынасы жоқ, заң бәріне бірдей", деді Р. Жақсылықов.

Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу