Шенеуніктің қатесінен кәсіпкерге 80 млн теңге шығын келген

1633

Қостанай билігі құны 80 млн теңгені құрайтын ғимараттың шығынын өтеуден бас тартып отыр. 

Шенеуніктің қатесінен кәсіпкерге 80 млн теңге шығын келген

Саябақтың кіре берісін жөндеген компания өз еңбегінің ақысын әлі алмапты. Биыл сәуірде аталған компания саябақтағы арканы безендіру бойынша мемлекеттік тапсырыс алып, келісімшартқа қол қойған. Мердігердің жұмысшылары  бірден іске кірісіп кеткен. Алайда 20 млн теңге жұмсалған соң, қала билігі келісімшартты бұзбақ болыпты. Себебі тапсырыс беруші, яғни тұрғын үй коммуналдық шаруашығы құжатта қате жіберген. Яғни, "қызмет" деген сөз жұмыс деп жазылыпты. Сондықтан, тапсырыс беруші келісімшартты бұзып, қайтадан байқау жарияламақ болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу