Шенген аймағына тағы үш мемлекет қабылданды

557

Еурокомиссия Еуропалық Одақ елдерін Болгария, Хорватия мен Румынияның Шенген келісіміне қосылуын мақұлдауға шақырды.  

Шенген аймағына тағы үш мемлекет қабылданды Фото: cdnn1.inosmi.ru

Еуропалық комиссияның мәлімдемесіне сәйкес, бұл елдер еуропалық визасыз режимге кіру шарттарын орындады, сондықтан оған қатысу мүмкіндігін "тез арада пайдалануы" керек, деп хабарлайды inbusiness.kz dw.com-ға сілтеме жасап.

Бұл елдер пандемия кезінде, жақында Украинадағы оқиғалардың "бұрын-соңды болмаған зардаптарымен" бетпе-бет келгенде Шенген аймағының қалыпты жұмыс істеуіне айтарлықтай үлес қосқаны үшін көзге түсіп, визасыз режим аумағына кіруге рұқсат алып отыр.

Болгария, Хорватия және Румыния 2023 жылдан бастап Шенген аймағына қосылуға ниетті. Қазір бұл Еуропалық Одақтың 22 елі (Австрия, Бельгия, Дания, Финляндия, Франция, Германия, Грекия, Италия, Люксембург, Нидерланд, Португалия, Испания, Швеция, Чехия, Эстония, Венгрия, Латвия, Литва, Мальта, Польша, Словакия, Словения ) және ЕО құрамына кірмейтін төрт ел (Норвегия, Исландия, Швейцария және Лихтенштейн) кіреді. Шенген елдерінің тізімі соңғы рет он жылдан астам уақыт бұрын, Лихтенштейн қосылған кезде жаңартылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу