"Шерхан Аймахан қылмыс жасап жатқанын ұғынған" – сарапшы

365

Айыпталушының сот-тергеу амалдарына қатыса алатыны айтылды. 

"Шерхан Аймахан қылмыс жасап жатқанын ұғынған" – сарапшы Фото: Коллаж: Azattyq Rýhy

Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасын тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

Алматы қалалық сот сараптамалары институтының қызметкері, психиатр маман сотта айыпталушы Шерхан Аймаханның қылмыс жасаған кездегі және одан кейінгі психикалық әрі психологиялық жай-күйіне байланысты сұрақтарға жауап берді.

"Сотталушы осындай психикалық бұзылыс белгілері бар бола тұра қылмыс жасаған кезде әрекетін қылмыс ретінде ұғына алған ба?", – деп сұрады адвокат Аянхан Омаров.

"Ұғына алған", – деді сот отырысына онлайн режимде қатысқан сарапшы.

"Қылмыс жасаған кезінде аффект жағдайында болмаған дейсіздер. Осыны түсіндіріңізші. Өйткені сотталушы "қылмысты аффект жағдайында жасадым" деп бірнеше рет айтып отыр", – деп нақтылады адвокат.

Сарапшы өзінің психиатр екенін және бұл сұраққа психолог жауап беретінін айтты. Оның сөзінше, сотталушы қазіргі таңда қосымша емді қажет етпейді.  

Бұдан бөлек сот отырысында психиатр маманға "Қазіргі кезде сотталушы Шерхан Аймахан өзінің қоршаған ортасына қауіптілік дәрежесі қандай?" деген сұрақ қойылды. 

"Психикалық жай-күйі бойынша Шерхан Аймахан сараптама өту барысында қоғамға қауіптілік танытпайды. Яғни, ол сот-тергеу амалдарына қатыса алады", – деді сарапшы.

Айта кету керек, бұған дейін сотта Нұрай мен анасы арасындағы хат оқылғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу