Ал бүгін таңертең 89 жастағы актердің комаға түскені белгілі болды. Василий Ливановтың жағдайы күннен күнге нашарлап жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Дәрігерлер кома кезінде ағза қалпына келіп, миы ісінбейді деп үміттенеді. Василий Борисовичтің миында сұйықтық жиналды, орган оттегімен жеткілікті түрде қамтамасыз етілмейді. Сондай-ақ соңғы зерттеулер онкологияның сенімді белгілерін көрсетті", – деді дереккөз.
Кеңестік кино жұлдызы ауруханаға 29 қыркүйекте түскен болатын. Әртіс ол кезде қатты ентігіп, өзін әлсіз сезінетінін айтып шағымданды. Дәрігерлер оған инсульт деген диагноз қойды. Василий Борисовичке ота жасалып, оның жүрегі ота кезінде тоқтап қалды деген қауесет тарады, бірақ актердің туыстары бұл ақпаратты растамады.