Шеруге қатысқан 676 адам босатылды

1347

Жаппай тәртіпсіздіктерге бойынша 8 354 әкімшілік іс сотқа жетті. 

Шеруге қатысқан 676 адам босатылды

Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Бас прокурордың аға көмекшісі Азамат Сарғазин әкімшілік құқық бұзу фактілеріне тоқталды, деп жазды inbusiness.kz.

Айтуынша соттар осы оқиғаларға байланысты барлығы 8 354 әкімшілік істі қараған. 

"Соттар мен прокурорлар жеңілдететін мән-жай мен кінәлі адамдардың өкінгенін ескерген. Осылайша, 3 337 құқықбұзушыға қамауға алу немесе айыппұл түрінде жаза қолданбай, ескерту ғана жасаған", – деді спикер. 

Ал 1 653 іс бойынша сот айыппұл салған. Қазіргі кезде әлі 1 002 адам қамауда отыр. 

"Қамаудағы адамдардың әкімшілік жазасын жеңілдету мақсатында прокурорлар апелляциялық сотқа 1 758 өтініш хат жолдады. Осы хаттар негізінде 676 адам қамақтан босатылса, 344 адамның айыппұлы ескертуге ауыстырылды", – деп атап өтті Азамат Сарғазин.

Бас прокурордың аға көмекшісіның айтуынша, бүгінде прокурорлардың жазаны жеңілдетуге және айыппұлды ескертуге ауыстыруға бағытталған 738 өтініш-хаты әлі қаралып жатыр. Сонымен қатар 358 әкімшілік іс материалдары сотқа жіберілмей тоқтатылған. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу