Шеруге шыққан 2 мыңдай адам Путинге импичмент жариялауды талап етті

1127

Олардың айтуынша, Ресейдің солтүстігіндегі ахуал нашарлап кеткен. 

Шеруге шыққан 2 мыңдай адам Путинге импичмент жариялауды талап етті

Архангельскте 2 мың адам шеруге шығып, Путинге импичмент жариялауды талап етті, деп хабарлайды Atameken Business.

Олардың айтуынша, Ресейдің солтүстігіндегі ахуал нашарлап кеткен. Мұнда Мәскеудегі барлық қоқысты жинайтын полигон салғалы жатыр. Халық үйіндінің жанында өмір сүргісі келмейді.

Тұрғындарды ашындырып отырған тағы бір мәселе – қосымша құн салығының көтерілуі. Зейнет жасының ұлғайтылуы да солтүстік халқының ашуын тудырды.

"Балық басынан шіриді деген бар. Ең алдымен Президентке импичмент жариялау керек. Біз Путинді сайлағалы бері не өзгерді? Бәрі кері кетті. Зейнетақы реформасы, салық саясатына өзгеріс енгізіп, бәрін көтеріп жіберді. Жағдай нашарлап барады. Солтүстік аймақтағы жағдай тіптен мүшкіл", – дейді шеруге шыққан Архангельск қаласының тұрғыны Дмитрий Плицин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу