Шеруге шыққандар Борис Джонсонды қуып жіберді

661

Шерушілер Ұлыбритания премьер-министрінің ар-намысына тиетін балағат сөздер айқан. Нәтижесінде Джонсон мінберден сөз сөйлеуден бас тартып, көлігіне отырып, шара болып жатқан жерден кетіп қалған. 

Шеруге шыққандар Борис Джонсонды қуып жіберді

Брекситке қарсы топ Люксембургтегі баспасөз мәслихаты алдында Борис Джонсонға ысқырып, наразылықтарын білдіргеннен кейін, премьердің бұл шарадан қашып кетуіне тура келді. Нәтижесінде шарада тек Люксембург премьері Ксавье Беттель ғана сөз сөйледі.

Daily Telegraph басылымының хабарлауынша, келіссөздерден кейін Джонсон мен Беттель журналистердің алдына шығып, баспасөз мәслихатын өткізуге тиіс болатын. Бірақ шерушілер Ұлыбритания премьер-министрінің ар-намысына тиетін балағат сөздер айқан. Нәтижесінде Джонсон мінберден сөз сөйлеуден бас тартып, көлігіне отырып, шара болып жатқан жерден кетіп қалған. 

Естеріңізге сала кетейік,бұған дейін Джонсон Ұлыбританияның ЕО-дан 31 қазанда шығатынын кесіп айтқан еді. Ел премьер-министрі алдағы уақытта Брюссельмен мәмілеге келетінінен үміт білдіргенімен, Ұлыбританияның келісімсіз-ақ 31 қазанда одақтан шығатынын ескертті. Оның пікірінше, тараптар ымыраға келіп, Ұлыбританияның да, одақтың да мүддесіне сәйкес шешім қабылдануға тиіс. Сондай-ақ, Джонсон келісімге келу үшін Лондон мен Брюссель көп уақыт жоғалтып алғанынын айтты. 
 
Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу