Шерзат ісі бойынша 170-тен астам куәгерден жауап алынған

369

40-қа жуық сараптама тағайындалды. 

Шерзат ісі бойынша 170-тен астам куәгерден жауап алынған Фото: kursiv.kz

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Талғар оқиғасына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айтуынша, соңғы күндері Талғардағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты қоғамда қызу талқылау жүріп жатыр. 

"Әлеуметтік желілерде әртүрлі ақпараттардың таралуына байланысты, көп жағдайда тексерілмеген, эмоцияға толы жазбалар мен бейнеүндеулерге назар аударылуда. Осыған байланысты әріптесім, депутат, заң ғылымдарының докторы Үнзила Шапақпен бірге орын алған оқиғаның мән-жайымен жете танысу үшін арнайы Алматы облысына бардық. Істің барысын зерделеу мақсатында Алматы облысы прокуроры Берік Абызбайұлымен, Облыстың  Полиция  департаментінің басшысы Мейрам Жұмкенұлымен жолықтық", – деді ол.

Абзал Құспан заңгер ретінде бұл ауыр жағдайларды құқықтық тұрғыда қарастырудың маңыздылығын атап өтті. 

"Мұндай істерде қоғам тарапынан жасалған қысым тергеу амалдарының объективті әрі жан-жақты жүргізілуіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Прокуратураның ресми ақпаратына сәйкес, қасақана кісі өлтіру күдігімен 11 адам адам ұсталғаны белгілі. Қазіргі таңда тиісті тергеу амалдары жүргізілуде. Осы іс бойынша 170-тен астам куәгерлерден жауап алынып, 40-қа жуық сараптама тағайындалып, жан-жақты тергеліп жатыр. Сонымен қатар, Шерзат Полаттың ағасы Н. Ғайыпбаевтың өлімі де Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің бақылауында екенін атап өткен жөн. Ол бойынша сот-медициналық сараптамалар жүргізілуде", – деп жазды мәжілісмен.

Бұл істің әділ әрі ашық қаралуына ықпал ету – басты мақсат, деп жалғастырды ол.

"Алдағы уақытта тергеу барысы мен ресми ақпараттар туралы қоғаммен үнемі бөлісіп отыратын боламын. Қазіргі таңда кез келген расталмаған ақпараттан аулақ болуға және ресми дереккөздерге сүйенуге шақырамын", – деді Мәжіліс депутаты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу