Ішкі істер министрлігі Талғарда "Хутор" қылмыстық тобы жоқ екенін мәлімдеді

1554

Жергілікті полиция шартты сотталғандардың түнде не себепті жүргенін анықтап жатыр. 

Ішкі істер министрлігі Талғарда "Хутор" қылмыстық тобы жоқ екенін мәлімдеді Фото: inbusiness.kz

Талғар аудандық полиция бөлімі күдіктілердің кейбірі пробация қызметінің есебінде тұр деген қауесеттен кейін тергеу жүргізуге уәде берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Полиция дереу жұмысқа кірісті. Алдымен жеті айыпталушы, кейін тағы үш адам ұсталды. Жергілікті полиция шартты сотталғандардың түнде не себепті жүргенін анықтап жатыр. "Хутор" тобы туралы дерекқорда ақпарат жоқ. Қазір Шерзаттың әкесі пышаққа ұқсайтын өткір затты ұстағаны бойынша сараптама жүргізіліп жатыр", - деді Әленов.

Әленов бұл істің ерекше бақылауда екенін жеткізді. Айтуынша, қазір көптеген болжамдар мен сенімсіз ақпараттар кең таралып жатыр. Бұл тергеу тобының жұмысын қиындатады дейді. Жасырын тергеу жүріп жатыр көрінеді. Бірақ жалған ақпарат ағынын тоқтату үшін бүгін брифинг өткізуді жөн көріпті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу