Қонаев қаласында оқиғаның мән-жайына қатысты брифинг өтіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Қылмыс анықталған сәтте бірден қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында 7 күдікті ұсталып, қамауға алынды. 13 қазан күні біз тағы 3 күдіктіні ұстадық, олар: дүкен алдында тұрған көліктегі ер азамат, төбелестен кейін келген 2 адам бар", – деп түсіндірді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов.
Брифинг барысында Шерзаттың өліміне қатысты бейнекамера жазбалары толығымен көрсетіліп, өртенген үйге қатысты тергеу жұмыстарының барысы мәлім болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу