Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Мәжіліс кулуарында Шерзат Болаттың ісі бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазір тергеу іс-әрекеттері аяқталды. Қазір материалдармен танысу жүріп жатыр. Танысу уақыты ешқандай мерзіммен шектелмейді. Тергеу аясында 39 сараптама тағайындалды. Куәгерлер мен зардап шеккендерден 117 рет жауап алынды. 90 диск қаралды. 36 рет беттесу өткізілді. Бұл – зерттеуді қажет ететін ауқымды материалдар. Енді осы құжаттармен танысу жүріп жатыр. Бұл біраз уақытты алатыны анық", – деді Бас прокурордың орынбасары.
Ғалымжан Қойгелдиев осыған дейін ұсталған 11 дамның саны өзгермегенін жеткізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу