Шерзат ісі бойынша сот үкімі шыққандарға рақымшылық жасала ма?

469

Адам өліміне әкеп соққан қылмыстарға рақымшылық актісі қолданылмайды.  

Шерзат ісі бойынша сот үкімі шыққандарға рақымшылық жасала ма? Фото: zhogargy sot

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Шерзат ісі бойынша сот үкімі шыққандар амнистияға ілінуі мүмкін бе деген сұраққа пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер "Шерзат Полат ісі бойынша сотталғандар рақымшылыққа іліне ме?" деп сұрады.

"Бұл қазіргі таңдағы өзекті мәселе. Шерзат Полатқа қатысты істі барлығымыз қарап отырмыз ғой. Бұл жерде адам өліміне әкеп соққан қылмыс болғандықтан, рақымшылық актісі қолданылмайды. (...) Қалай болған жағдайда да, абайсызда адам өліміне әкеп соққан баппен байланыстырылатын болса, онда оған қатысты рақымшылық қолданылмайды", – деді депутат Мәжіліс кулуарында.

Тілшілер кәмелет жасына толмаған сотталушы Думан Ысқақ амнистияға ілігуі мүмкін бе деп нақтылады.

"Қылмысты хабарламау 434-бап (рақымшылыққа) жатады", – деді мәжілісмен.

Абзал Құспан Думан Ысқақ амнистияға ілігуі мүмкін екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу