Шерзаттың ағасының өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Мұндай ақпаратты адвокат Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті. 

Шерзаттың ағасының өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды Фото: kursiv.media

Ол Талғар қаласында кісі қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты қылмыстық істің тоқтап қалғанын, бірақ оны қайта жандандыру үшін барынша күш салатынын хабарлаған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

– Нұрқанаттың ісі тоқтатылған! Алайда, біз болашақта істі қайта жандандыру үшін өтінішхат түсіреміз, – деп жазды адвокат. 

Өткен жылы қазан айында Шерзат Полаттың өлімінен соң, арада екі ай өтер-өтпестен Талғар маңынан Шерзаттың немере ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың мәйіті табылды. Ресми органдар оның өз-өзіне қол жұмсағанын айтып, өлер алдында туған-туыстарына жазған хатын жария етті. Дәл осы жайтқа байланысты Алматы облысының полициясы қылмыстық іс қозғады. 

Бұған дейін Шерзат ісі бойынша сотталғандардың бірі бостандыққа шыққанын жаздық. 

Артынша адвокат Мейірман Шекеев туған анасын іздеген Жәнібекке қатысты сүйінші жаңалық жариялаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу