Әрі бүгінгі сот отырысы адвокат Калиеваның кешігуіне байланысты 35 минутқа кеш басталған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Талдықорған қаласында 16 жастағы Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сот процесі басталды. Сот Ержан Жанұзақов тараптардың сот процесін Талдықорғаннан Алматыға ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырмады.
Сот адвокатқа ескерту жасап, келесіде жағдай тағы қайталанса, сотқа құрметсіздік көрсеткені үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін жеткізді.
Осы жайтқа байланысты айыпталушылардың бірінің қорғаушысы Абенов сот отырысын Алматыға көшіруді ұсынды.
– Бүгін сот отырысының бірінші күні-ақ адам кешігіп, уақытымыз босқа кетті. Сондықтан, біз әлі де болса сіздің атыңызға хат жазамыз, бұл істі Алматыдағы тергеу изоляторында қарауға. Ол жерде мүмкіншілік жеткілікті, мен ол жерде ірі істерге қатысып көрдім, онда еш кедергі жоқ. Алматы – барлық қаланың ішінде бізге ең жақын орналасқаны. Осы нұсқаны қарастыруыңызды сұраймын, – деді ол.
Осыған ұқсас өтінішті жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев те айтып өтті. Ол Талдықорған қаласына жолдың ұзақ екенін ескертіп, процесс Алматыға ауыстырылмаса, онлайн қатысуға рұқсат беруін сұрады.
– Сіздер алты адвокатсыздар. Егер бір-екеуіңіз келе алмай жатсаңыздар да, жәбірленушілердің пікіріне байланысты сотты жалғастыра беруге болады. Онлайн қатысуға мүмкіндік жоқ, өйткені тікелей трансляция жүріп жатыр. Онлайнда сіздердің дауыстарыңыз естілмей қалуы мүмкін немесе техникалық ақаулар туындауы ықтимал, – деді сот Ержан Жанұзақов.
Еске салайық, процесті сот Ержан Жанұзақов қарайды. Прокурорлар – Ержан Құрақбаев пен Дана Сәрсенбай.
Іс бойынша тоғыз адам айыпты болып танылған. Оларға "адам өлтіру", "адам өлтіруге оқталу", "ұрлық", "бұзақылық" және "қылмыс туралы хабарламау" фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр.
Осыған дейін, яғни 10 сәуір күні алғашқы сот отырысы өтіп, Шерзаттың өліміндегі оқиғалар рет-ретімен айтылған болатын.