Шерзат ісі: сотта көліктегі бейнежазба көрсетілді

145

 Бүгін сотта іс материалдарын зерделеу кезеңі аяқталып, қосымша айғақтар жария етілді. 

Шерзат ісі: сотта көліктегі бейнежазба көрсетілді Фото: zhogargy sot

Сот процесі барысында қорғаушы Мейірман Шекеев тергеу кезінде тәркіленген Land Cruiser көлігіндегі бейнежазбаны көрсетті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жазбада сотталушылардың оқиғадан кейін көліктің ішінде болған әңгімелері жазылған. Сондай-ақ көлікте болған куәгер қыздардың да дауысы анық естіледі. Әңгімеде олар болған оқиғаны талқылап, келесі қадамдарын жоспарлағаны байқалады.

Көрсетілген жазба негізінде сотталушыларға нақты сұрақтар қойылды. Жәбірленуші тараптың адвокаты сотталушы Нұрқияс Ілиясовқа марқұм Шерзаттың анасын оқиға кезінде көрген-көрмегені туралы сұрақ қойды. Сотталушы бұл деректі растады — Шерзаттың анасы алдынан шыққанын айтты.

Алайда, адвокат Мейірман Шекеев осыған дейінгі сот отырысында сотталушылар бұл жайтты жоққа шығарғанын еске салды. Бұл жағдай сотта айтылған бұрынғы және қазіргі мәлімдемелер арасында қарама-қайшылық бар екенін көрсетті.

Айыптаулар тізімі:

  • Абзал Шынасыл — ҚР ҚК 293-баптың 3-бөлігі (бұзақылық), 99-баптың 2-бөлігі 1, 4, 7, 9, 14-тармақтары (адам өлтіру), 24-баптың 3-бөлігі (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу);
  • Равиль Сәкиев — ҚР ҚК 293-баптың 3-бөлігі, 24-баптың 3-бөлігі, 99-баптың 2-бөлігі 7, 9-тармақтары;
  • Шыңғыс Белғожаев, Нұрқияс Ілиясов, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет, Азамат Тоқтаубаев — ҚР ҚК 293-баптың 3-бөлігі бойынша (бұзақылық);
  • Дидар Ысқақ (кәмелетке толмаған) — ҚР ҚК 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау) бойынша айыпталып отыр.

Сот отырыстары жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу