Талдықорғанда Шерзат ісіне қатысты басты сот талқылауы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Судья үкім оқып болып, сот отырысы жабық деп жарияланғаннан кейін сотталғандардың туыстары залда шу шығарды. Желіде таралған бейнежазбадан олардың ашуға булыққанын көруге болады. Өз кезегінде айыпталушылар кабинадағы терезені ұрып-соқты.
Сот залынан "Әділдік жоқ" деген дауыстар естілді.
Бұған дейін Шерзаттың өліміне байланысты іс бойынша сотталушыларға үкім шыққанын жазған болатынбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу