Шерзат ісімен сотталушылар ақтауды сұрап, шағым түсірді

Олар сот үкімімен келіспейді. 

Шерзат ісімен сотталушылар ақтауды сұрап, шағым түсірді Фото: коллаж: inbusiness.kz

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Адвокат әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған бейнеүндеуінде кассациялық шағымды сотталғандар Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахметовтың бергенін жеткізген.

Екеуі де сот үкімімен келіспейтінін айтып, өзін толық ақтауды талап етіп отыр. 

– Бүгін ғана, қазір десем де болады, Шерзаттың ісі бойынша кассациялық шағымдар келіп түскен екен, бірақ біз мұны қазір ғана алуға мүмкіндігіміз туды. Ал сот отырысы ертеңге тағайындалған, – деді Мейірман Шекеев.

Айта кетейік, 2025 жылдың 5 маусым күні сот үкімімен 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты 9 адам 1,5 жылдан 23 жылға дейін сотталды. 

Сондай-ақ, былтыр 25 шілдеде Шерзат ісі бойынша сотталғандардың бірі бостандыққа шыққан еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу