Шерзат ісінде сарапшы Нұрқанат Ғайыпбаевтың алған жарақаттарын айтты

Бүгін Талдықорғанда Шерзат Полат ісіне қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр.  

Шерзат ісінде сарапшы Нұрқанат Ғайыпбаевтың алған жарақаттарын айтты Фото: Жоғарғы сот

Сот процесіне 16 жастағы жасөспірімнің немере ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың жарақатына сараптама жасаған маман қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Медициналық сарапшы Өмірбек Жолымбетов оның жарақаттарын кезек-кезегімен әңгімелеп берді. 

– №447 24/17 сараптама қорытындысы бойынша, мен Алматы облысы полиция департаментінің тергеу бөлімінің аға тергеушісі, полиция мойоры Нариманұлының қаулысы бойынша, Нұрқанат Ғайыпбаевқа сот-медициналық сараптама жүргіздім. Қаулыда бір сұрақ қойылған, ол Нұрқанат Ғайыпбаевтың қандай дене жарақаттары бар, олардың шоғырлануы, келтірілу уақыты, пайда болу механизмі туралы сұрақ. Сараптама жүргізу үшін маған сараптама тағайындау туралы қаулы түсіндірілді, содан кейін Еңбекшіқазақ ауданы ауруханасынан медициналық картадан үзінді көшірмесі ұсынылды. Сонымен бірге бұл құжаттармен қатар, 1994 жылы туған Н.Ғайыпбаев өзі сараптама өтуге келді. Сот-медициналық куәландыру 9 қазан, 2024 жыл өткізілді, сағаты – 13:10, – деді ол. 

Сондай-ақ, Өмірбек Жолымбетов жарақаттарға жеке-жеке тоқталды. 

– Қарап тексеру барысында Ғайыпбаевтан мынандай жарақаттар анықталды. Сол жақ көзінің қабағының астында мөлшері 3,0-1,5 сантиметр болатын көгерген түсті қанталау болды. Оң жақ құлақ қалқанында дәл осындай сипаттағы қанталау болды. Мөлшері – 2,0-1,0 сантиметр. Шүйде бөлігінде жұмсақ тіндерінің сынып. Қабынып тұруы болды. Бел тұсында сызықты формалы терісі сыздырылған жара болды. Оның беті қызыл түсті жұқа қабықпен қапталған. Мөлшері – 1,15-4,00 сантиметр. Оң жақ жамбасы тұсында қиғаш тік жара болған, оның жиектері тегіс, ұштары доғал келген, беті қызыл жұқа қабықпен қапталған. Бұл тері жабындары деңгейінде, – деді медициналық сарапшы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу