Мұны Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты Мейірман Шекеев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ол өзіне БАҚ өкілдерінен және халықтан көптеген сұрақ келіп жатқанын мәлімдеген. Соның бірі – "Қаржаубай Нұрымов жансақтау бөліміне түсіп қалды" деген ақпарат. Адвокат өз сөзінде бұл мәліметтің ешқандайда шындыққа сай келмейтінін кесіп айтты.
Сонымен қатар, жәбірленуші тараптың адвокаты "Апелляциялық шағым түсті ме, қай күнге тағайындалды?" деген сұрақтардың да өзіне жиі қойылатынын жеткізді.
– Апелляциялық шағым түсті, 21 маусым күні түпкілікті үкім шықты. Қазіргі уақытта сол күннен бастап және сотталушылар үкімді қолына алған күннен бастап 15 тәулік мерзімде шағым түсіруге мүмкіндігі бар. Бүгінде білуімізше, сотталушылардың өзінен және қорғаушыларынан, Шыңғыс Белғожаев және Думан Ысқақтан басқасының бәрінен апелляциялық шағым түскен. Сотта қаралу күнін біз хабардар етіп отырамыз, – дейді ол.
Бұған дейін Шерзаттың өліміне кінәлілердің сотталғанын жаздық. Сондай-ақ, сотта куәгер болған қос қыздың әрекеті қайта тексерілетін болды.