Шерзат өліміне қатысты тергеу ісі толық аяқталды

204

Тараптар қылмыстық іс материалдарымен толық танысты. 

Шерзат өліміне қатысты тергеу ісі толық аяқталды Фото: Qaz365.kz

16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты тергеу ісі аяқталды. Іс сотқа жіберу үшін прокурорға жолданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша өткен жылдың 4 қазанына қараған түні болған қылмысты тергеу аяқталды. Тараптар қылмыстық іс материалдарымен толық танысты, іс сотқа жіберу үшін прокурорға жолданды. Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізілді, шамамен 200 куәгерден жауап алынды, барлық күдіктілердің оқиға орнында айтқан жауаптары тексерілді, процесс қатысушылары арасында беттестірулер өткізілді, сондай-ақ қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған өзге де тергеу әрекеттері жүзеге асырылды",  деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.

Қылмысқа қатысушылардың барлығына құқықтық баға бере отырып, 8 бейнематериал зерттелген.

"Қылмыстық іс 62 томнан тұрады, оның ішінде барлық жиналған дәлелдемелер, сараптама қорытындылары, жауап алу хаттамалары және басқа да маңызды материалдар бар. Әрбір тергеу әрекеті қылмыстық заңнама талаптарына сәйкес жүргізілді, тергеудің барлық кезеңдерінде заңдылық, ашықтық және объективтілік қамтамасыз етілді. Тергеудің барысы және процесс қатысушыларының конституциялық құқықтарының сақталуы прокуратура органдарының бақылауында болды", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу