Шерзат Болаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

255

Бұл туралы әлеуметтік желіде адвокат Асқар Қаймақов жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шерзат Болаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды Фото: видеодан алынған кадр

Айтуынша, Қаржаубай Нұрымов "бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру" бабы бойынша айыпталып отыр.

Адвокат полицияның бірнеше мәлімдемесін жоққа шығарды:

Адвокаттар полициядан Нұрымовты ұстауды сұрамаған. Бұған дейін полиция "адвокаттар мен оның туыстары Шерзаттың әкесін қамауға алуды сұрағанын" хабарлаған еді.

Өз-өзіне қол жұмсады делінген Нұрқанат Ғайыпбаевтың жеке хабарламасын жариялауға туыстары келісім бермеген.

Айта кетейік, Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке қамалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу