Марқұм Шерзат Полаттың өлімі туралы іс бойынша сот алқабилердің қатысуынсыз өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Себебі сотталушылар істі алқабилердің қатысуымен қарауға қарсылық білдірді.
"Сот істі алқабилердің қатысуынсыз қарау туралы қаулы етті", - деді судья Ержан Жанұзақов.
Сот процесі Талдықорғанда өтіп жатыр. Жәбірленуші тараптың адвокаттары отырысты Қаскелеңде өткізу бойынша өтініш жасады.
"Алматы облысында тергеу изоляторы жоқ. Сотталушылар тергеу изоляторында отыруы қажет. Қарасай аудандық сотының ғимаратында сот отырысын өткізу мүмкіншілігі жоқ. Сондықтан Талдықорған қаласында Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өткізу туралы қаулы етіп отыр", - деп түсіндірді судья Ержан Жанұзақов.