Шерзат пышақталған күні бірінші барған полицей күдіктінің сыныптасы болып шықты

Сот Ержан Жанұзақов одан ең бірінші "сотталушыларды кімді танисыз?" деп сұрады. 

Шерзат пышақталған күні бірінші барған полицей күдіктінің сыныптасы болып шықты Фото: Бейнежазбадан

Шерзат ісінде түске дейінгі 1-бөлімінде сотталушылардың бірінің сыныптасы, Талғар ауданы полиция басқармасының рота патрульдік полиция қызметкері Жәнібек Әмірақын іске куәгер ретінде қатысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Соттың қойған сұрағына ол "біреуін, Дархан Аскентайды танимын" деп жауап берді, Ержан Жанұзақовтың "қашаннан бері?" дегеніне, "Бір мектепте оқығанбыз" деді. "Бір сыныпта?" деп тағы сұрақ қойды сот. "Әрине" деп нақтылады Жәнібек Әмірақын.

Одан кейін мемлекеттік айыптаушының сұрақтарынан соң ол оқиға болған күнді есіне түсіріп көрді.

– 4 қазан күні 12:42 шамасында Жедел кезекшінің нұсқауы бойынша "Талғар қаласы, Менделеев көшесінде төбелес болып жатыр" деген хабарлама түсті. Сол жерге 7-8 минут аралығында бардым. Барғанымда бір топ адамды көрдім, сөйлестім. Басында жердегі қанды көрдім. Адамдар "бір бала пышақталған, оны әкесі емханаға алып кетті" деді. Бәрін кезекші бөлімге хабарладым. Кейін күдікті автокөліктерді тауып, кезекшіге хабарластық. Сол кезде бір жігітті байқадық, оны әріптесім екеуіміз ұстадық. Ол "иә, мен Менделеев көшесінде болдым, төбелеске қатысым бар" деді. Ол Дархан Әскентай болып шықты. Дархан сыныптасым болса да, бірден танымадым, себебі көзі ісіп кеткен, тау жақта жарықшам жоқ, қараңғы болды. Ішімдіктің иісі сезілді, – деді Жәнібек Әмірақын.

Бұған дейін айыпталушы Дархан Әскентайдың сыныптасы Еркебұлан Тоқтарбай сотта куәгер атанғанын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу